Ақтауда балалар көлік жүретін жолдарда қауіпті ойын ойнап жүр
Ақтауда балалар көлік жүретін жолдарда қауіпті ойын ойнап жүр. Жол жиегінде отырған бірнеше баланың кенет көлік алдынан тұра жүгіргені бейнекамераға жазылып қалған. Полиция қызметкерлері: «Бұл қатерлі ойын басқа елден келуі мүмкін»,- дейді. Оның ережесі бойынша кейіпкер тез арада жолды кесіп өтуі керек. Үлгермесе, көлік астына түсіп, ойыннан шығады. Қазір құқық қорғаушылар мектептерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Мектеп оқушыларымен полиция мен білім басқармасы қызметкерлерінің бірлесуімен әртүрлі сипаттағы тыйым салынған ойындарға әуесқойлықты болдырмау, оқушылардың теріс қылықты болудың алдын алу мақсатында олармен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп тұрады.
Гүлмира Әбішева, қалалық аналар кеңесінің мүшесі:
- Бұл ойынға көбінесе менің ойымша, ата-ананың назарынан тыс қалған балалар барып жатады. Балалардың қандай ойын ойнап жатқанын, ұялы телефонын қадағалап, олармен жылы-жұмсақ сөйлесіп түсіндіру керек.