«Қазақстанның үздік тауары» байқауының республикалық кезеңі басталды
Еттен кілемге дейін.. Астанада үлкен көрме өтуде. 2 күн бойы ел кәсіпкерлері ең үздік деген тауарларын халық назарына ұсынады. Себебі «Қазақстанның үздік тауары» атты байқаудың республикалық кезеңі басталды. Елдің түпкір-түпкірінен келген 180 кәсіпкер «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік» және «Халыққа арналған үздік тауарлар» атты 3 аталым бойынша бақ сынаспақ. Бәсеке бәсі қызу. Келесі кезеңге ең көп онлайн дауыс жинаған 27 қатысушы жолдама алады. Ал ақтық сында жеңіске жеткендер, төрт жыл бойы Қазақстанның үздік тауары атауын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
Нұрбек Бүркітбай, кәсіпкер:
-Өнімдерімізді негізі ұлттық тағам түрлеріне негізге ала отырып ұсынып келгенбіз. Тұтынушыларға ыңғайлы қылып, біз бокстар дайындаймыз, мысалы, бір асым ет, құдағи табақ. Мысалы, күйеу табақ, қыз қуу табақ деген әртүрлі табақтың түрлері бар ғой. Соған арнап біз өзіміз табақ тарту дәстүрі деген кітап шығарғанбыз.