Несиелер кешірілмейді
Банкроттықтан бөлек, халықтың несиесі кешірілмейді... Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Үкімет азаматтардың шамадан тыс несие алуын өзге жолмен шешпекші. Атап айтсақ, 750 мың оқушы мен студентке қаржылық сауаттылық курстары оқытылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында несие алушыларға кеңес береді. Ал 3 қала мен 17 өңірде берешекті өтеуге көмектесетін арнайы кеңселер іске қосылады.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
-6 мыңнан астам адам банкроттық жариялау мүмкіндігін алғанын бүгін а йттық. Олар банкрот деп мойындалды, яғни олардың мәселесі шешілді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Банкроттықтан бөлек, несиені кешіру процедурасы болмайды.