Бірыңғай сағат белдеуі денсаулыққа кері әсер етпейді – Ильдар Фахрадиев
Бірыңғай сағат белдеуі денсаулыққа кері әсер етпейді. Алғашында ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Кейін осы сағатқа бейімделіп кетуге болады. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті жанындағы ғылыми-техникалық паркінің жетекшісі Ильдар Фахрадиев бірыңғай сағат белдеуіне қатысты осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша зиянын анықтау мүмкін емес. Себебі кері әсері өте төмен деңгейде. «Сондықтан бірыңғай сағат белдеуін тиімсіз»,– деп айта алмаймыз дейді Ильдар Фахрадиев.
Ильдар Фахрадиев, С. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ ғылыми-техникалық паркінің жетекшісі:
-Бірыңғай сағат белдеуі адам денсаулығына кері әсер етеді деп ойламаймын. Олай болуы мүмкін емес. Бұдан басқа да адам өміріне келетін қауіп көп. Ал сағатты жылжытқаннан адам денсаулығы нашарламайды. Иә, ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ оны денсаулыққа кері әсер етеді деп шатастыруға болмайды. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік зерттеу жүргізіп жатқанынан хабардармын. Оның қорытындысы жақын күндері белгілі болады.