Қажет қол санын жинамаған петициялардың өзі елеусіз қалмайды
Қажет қол санын жинамаған петициялардың өзі елеусіз қалмайды. Онда көтерілген мәселе үндеу ретінде қаралады. «Қоғамдық бақылау туралы» заңның негізгі ұстанымы осы. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров айтты. Жуырда қабылданған құжат 2024 жылы 4 сәуірде күшіне енеді. Оған сәйкес, петиция жазбаша және электронды түрде қабылданады. Оны аудандық жерде қарау үшін 2,5 мың, ал Үкімет деңгейінде қаралса 50 мың қол жиналуы тиіс.
Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:
-Шекті мәнге жетпеген петициялар олар үндеу ретінде қарастырылып, әкімшілік кодекс бойынша олар да қаралатын болады. Заңды алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолданып біз де жасап отырмыз. АҚШ-тың заңнамасы зерделенді. Еуроодақтың, Азия елдері Жапония, Кореяның.