Хабар телеарнасы

Елімізде ірі экспорттаушылардың қызметін қадағалау күшейтіледі

Себебі мұнай, металл, сұйытылған газ шығаратын кәсіпорындар құйтырқы әрекетке барған. Салықты аз төлеу үшін 3 жыл бойы тауарларын арзан бағада экспорттап келген. Мұның бәрі тексеріс нәтижесінде анықталды. Бюджетке 160 млрд теңге салық қайтарылды. Енді мұндай жағдайларды тыю үшін трансферттік баға белгілеу заңнамасына өзгерістер енгізіледі. Мемлекеттік кіріс органдары тараптар арасындағы мәмілені қашықтан бақылауы мүмкін. Заң жобасын Мәжілісте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таныстырды. 

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
-Қазақстан елінен шығатын бастапқы экспорттық тауарларды мынау нарықтық бағамен шығып жатыр ма, одан толыққанды салық түсіп жатыр ма, соны қадағалайтын заң болып табылады. Концептуалды өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл заңды қабылдаған кезде бюджетке қосымша салық түседі.