Ұлттық валюта күні қарсаңында Ертіс музейі көрме ұйымдастырды
Ұлттық валюта күні қарсаңында Ертіс музейі Шығыс базары жәрмеңкесі үлгісінде көрме ұйымдастырды. Онда ұлы тұлғалардың суреттері бейнеленген мерейтойлық банкноттар, ескі ақшалар, көптеген елдердің ерте кездегі темір тиындары қойылған. Көпшілік назарына музей қорында сақталған және нумизматтардың жеке коллекциясынан алынған жәдігерлер де ұсынылған.
Гүлжанат Әлиева, облыстық Тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы:
-Түрік қағанаты, Қимақ қағанаты, Алтын Орда кезеңі. Қазба жұмыстары кезінде әртүрлі ескерткіштерде біздің өңіріміздегі мемлекеттердің монеталары табылған. Осы табылған монеталар бойынша әртүрлі кезеңдерді көруге болады. 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында атақты суретшілер, тарихшылар жұмылып, осы Қазақстанның бейнесін, тарихын көрсететін сондай ақша айналымға келді.