Петропавлдың аумағы 230 гектарға ұлғаюы мүмкін
Жергілікті билік өкілдерінің бастамасымен шаhардағы «Қызылжар» және «Соколов» орман шаруашылығы мекемелеріне тиесілі жер учаскелері - елді мекен жерлері санатына ауыстырылмақ. Бүгінгі күні барлық құжаттар Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілді. Әзір бұл мәселе талқыланып жатыр.
Айта кету қажет, қалалық әкімдіктегілер шығындары өтеу үшін республикалық бюджетке 70 ммлн теңгеден астам қаржы төлейді.
Әсем Айтұлова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Бүгінде қала бойынша орман шаруашылығына қарасты жер учаскелері бар. Ол жерлер 70-90 жылдары тұрғындарға берілген болатын. Бірақ заң бойынша орман шаруашылығындағы жерлерде ешқандай құрылыс нысандары болмауы қажет. Сондықтан да мемлекеттік акт оларға берілмейді. Сол себепті де бұл мәселе қаралып жатыр.