Павлодар облысында 8 айлық сәби аштықтан көз жұмды
Павлодар облысында жыл басынан бері балаларға қатысты 250-ге жуық заңға қайшы әрекеттер анықталған. 7 жастағы Милана Давыдованың өлімі, сегіз айлық сәбидің аштықтан көз жұмуы әлеуметтік саладағы жұмыстың ақсап тұрғанын айғақтайды. Осы екі жағдайдан кейін облыс әкімі Екібастұзда шұғыл жиын өткізді. Балаларды қорғаудың кешенді жоспарын әзірлеп, тұрмысы төмен отбасыларды бақылауға алуды тапсырды.
Асайын Байханов, облыс әкімі:
-Кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғаларға сөгіс жарияланады. Оның ішінде: облыстық басқармалар басшылары, одан басқа менің орынбасарым әлеуметтік салаға жауапты, қала әкімі, қала әкімінің орынбасары осы әлеуметтік салаға жауапты, ауыл әкімі одан басқа білім бөлімі, әлеуметтік қорғау бөлімі, облыстық Әлеуметтік қорғау басқармасы, білім басқармасы.