Аграрлық салаға серпін керек
Сенатта өткен Үкімет сағатында саладағы түйткілдер талқыланды. Депутаттар аграрлық саланың әлеуеті пайдаланылмай келе жатқанын алға тартты. Мәселен, ғылымның өндіріске енгізілуі небәрі 8%.
Ауыл шаруашылығы министрінің мәлімдеуінше, тәуелсіздік алғалы бері аграрлық ғылым 6 рет қайта құрудан өткен. Ол саланың мазмұнын емес, басқарудың әкімшілік формаларын өзгертуден әрі аса алмаған. Нәтижесінде ғылыми зерттеу институттарының саны - 31-ден 11-ге, тәжірибелік шаруашылықтар – 34-тен 17-ге, ғылыми қызметкерлер саны – 6580-нен 902-ге дейін қысқарған. Ал агарлық ғылымды қаржыландыру ТМД-ның өзге елдеріне қарағанда өте төмен. Аграрлық білім беруге де өзгерістер керек.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Аграрлық саладағы адами капиталға да назар аударуымыз қажет. Себебі аграрлық саладағы мамандар, оның ішінде орта буында мамандар ауылды елді мекендерде тапшы. Оның негізгі себептерінің бірі – бұл саладағы еңбекақының тапшы болуы. Сонымен қатар қаладағы мектеп бітіруші жастарымыз аграрлық мамандықтарды таңдамайды. Аграрлық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бойынша ауылдық квотаның төмен болуы да өз әсерін тигізуде.