Семейлік тігінші Қазақстанның рекордтар кітабына енді
Бақытжан Шәпенова «Аламан» құрақ жобасына қатысып, 500 метрлік көрпенің тігілуіне өз үлесін қосты. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 5 жастан 85 жасқа дейінгі 200 құрақшы қатысқан. Шебердің қолөнершілікпен айналысқанына 30 жылға жуықтаған. Ол қаладағы мектептердің бірінде еңбек пәнінен сабақ береді. Үйірме ашып, оқушыларға құрақ көрпе тігуді үйретіп жүр.
Бақытжан Шәпенова, тігінші:
- Жоба басталып, 9 ай бойы жұмыс жасалынды. Жаңағы авторымыз бізге өзінің жұмыс дәптерін жіберді. Енді барлығымыздікі бір қолдан шыққандай шығуы керек қой. Сондықтан барлығы келісіліп, жасалған болды. 2,5 сантиметр жолақшадан құралып тігілген. 133 блоктан тұрады. 133 блокты құрастырған кезде қошқармүйіз оюы шығады.