Екібастұз қысқа дайын ба?
Екібастұздағы соңғы екі қазандық бірер күнде іске қосылады. Дегенмен қазірдің өзінде қаланың жылу жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, Екібастұздағы жылу электр орталығын жөндеуге 17 млрд теңге жұмсалған. Оның тең жартысы Үкімет резервіндегі бюджет қаражаты, қалғаны инвестордың ақшасы. 10 қазандықтың алтауы күрделі, екеуі ағымдағы жөндеуден өткен. Осы айда қалған екеуі іске қосылады. Аймақ басшысы өңірдің жылу жүйесінің бүгінгі күйінеде тоқталып өтті. + СНХ:
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
- Соңғы он жылда инвестиция айтарлықтай аз болды. Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі Павлодарда 86%, Ақсуда 88%, Екібастұзда 91% құрайды. Әрине, Павлодарда және Ақсудағы жылу желілерде жеңіл апаттар орын алуда. Олар тез жөнделеді. Сондықтан былтырғыдай жағдай болмауы тиіс.