Атырауда жаңа электр желілері іске қосылды
«Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 780 шақырымға жуық 5 электр желісі салынды. Нәтижесінде «Атырау» учаскесінде 100-ден 200 МВт дейін, «Атырау – Маңғыстау» учаскесінде 50-ден 200 МВт ейін қуаттылықтың артуына қол жетіп отыр.
Айта кету керек құрылыс жұмыстарындағы Қазақстандық қамту үлесі шамамен 70% құрайды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Мұның барлығы электр желілерінің өткізу қабілетін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде еліміздің батыс өңіріндегі тұтынушылар үшін энергоблоктарда, оның ішінде МАЭК станциясында авариялық жағдайлардың саны едәуір азаятын болады.