«Жасыл құрылыс» ережесімен салынған нысандар саны 100 жетті
Басым бөлігі тұрғын үйлер. Арасында аурухана, білім орталықтары сынды әлеуметтік нысандар да бар. Мұның бәрі соңғы 10 жылда салынған. Осы жұмыстың қорытындысын шығару және болашақ жоба-жоспарлар Астанада халықаралық конференциясында талықыланды.
Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген мамандар қатысты. Сарапшылардың айтуынша, жасыл технология бойынша тұрғызылған ғимараттарда жарық пен жылу энергиясын 20-дан 60% дейін үнемдеуге болады.
Александр Белый, Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің атқарушы директоры:
- Үкімет қазір инфрақұрылымды жаңарту бойынша міндеттер қойып жатқанын бәріміз білеміз. Бұл өз кезегінде тарифтерді көтеруді талап етеді. Осындай да жасыл құрылыстың маңыздылығы арта түседі. Олар энергияны үнемдеуге негізделгендіктен шығын аз болады. Қоғамды, құрылыс компанияларын осындай «жасыл құрылыс» стандартына сай нысандар салуға шақырамыз.