Қытымыр қыста Ақтаудағы көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр
Қытымыр қыста Ақтаудағы ондаған үйдің тұрғындары жылусыз отыр. Амалы таусылған жұрт электр пешін қосып жылынуға мәжбүр. Көпшіліктің айтуынша, жылыту маусымы қазан айында басталған. Содан бері пәтерге жылу берілмесе де, төлемақы ай сайын келеді. Ал коммуналдық мекеме қызметкерлері 27-шағын аудан іргесінен жаңа үйлер салынғандықтан орталық жылу жүйесіне салмақ түскенін айтып отыр. Әрі инженерлік желілер әбден тозған. Ескірген құбырларды 2026жылға дейін ауыстыру жоспарланған.
Алтынғали Қаражанов, қала тұрғыны:
-Қанша уақыттан бері неше комиссия келіп жатыр. Ешқандай шешім жоқ. Келеді, айтады 3 күн бер, 4 күн бер деп. Жасалып жатқан нәтиже жоқ. Қыста осы жылу жоқ, су жоқ. Жазда да питьевой су жоқ.
Ислам Үсенов, «Каспий жылу, су арнасы» МКК басшысының орынбасары:
-Жаңа үйлерде, жаңа микрорайондарда автоматический тепловой пункт деген бар. Олар да насоспен жасайды. Бірақ біреулер қосымша насос қойған. Именно повысительный насос қояды. Сол сорғылар трассадан тартып кетіп жатыр. Ол үйлерге перегрев болса 27-нің жылуы сол жаққа кетіп жатыр.