Мұржа құрылысы қашан аяқталады?
Петропавл халқы биыл жылусыз қалмайды. Маусым қалыпты өтуге тиіс. Аймақ әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай есеп берді. Естеріңізде болса 20 наурызда қаладағы жылу орталығының түтін мұржасы жартылай опырылып қалған еді. Содан бері тұрғындар жылу мәселесіне алаңдап жүр. Оның үстіне қираған нысанды қайта салу кезінде мұржа қисайып кеткен еді. Соған байланысты мердігер компания жұмысты тоқтатып, демонтаж жасалып жатыр. Қазандық қазір қолданыстағы ескі екі мұржамен жұмыс істеп тұр. Әкім соның арқасында биылғы қысты ойдағыдай өткіземіз деп сендірді. Ал жаңа мұржаны салу жалғасады.
Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- График бар. Келесі жылда сол графикпен жұмыс істейтін болса, жаңа жылу маусымына сол труба кіреді деп ойлаймыз. Қаражаты бар 12 млрд. Генератор бар, қазандық бар соған бөлінді инвестормен.