Жол құрылысында қолдан жасалған қымбатшылыққа жол берілмейді
Көлік министрі Қызылордада мердігерлермен өткен кеңесте осыны жеткізді.
Марат Қарабаев Жезқазғаннан Қызылордаға дейінгі республикалық маңызы бар жолды тексеру үшін сапарға әдейі автокөлікпен шыққан. Бұл аралықтың құрылыс жобасына 6 учаске кіреді. Екі жыл бұрын 67-ші шақырымнан 216-шы шақырымға дейінгі төрт учаскені жөндеу бойынша келісімшарт жасалған еді. Мердігерлер келесі жылы бұл жобаны толық аяқтауы тиіс. Алайда олар биыл мамырда келісім жасаған 2-ші учаске бойынша жобаның құнын ұлғайтуды сұрап отыр. Көлік министрі енді мұндай жымысқы әрекеттерге жол берілмейтінін, келісімшарт бойынша өз жұмысын атқара алмаған мердігерлердің жаңа жобаларға қатыспайтынын ескертті.