Бурабайда 3 мың орындық автотұрақ салынады
Мұны Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанада өткен брифингте айтты. Себебі жаздыгүні курортты аймақта көлік қоятын жер табу қиын. Өңір басшысы биылдың өзінде бас-аяғы 500 орынға арналған тұрақ пайда болғанын айтады. Бірақ кептелістен құтылу оңай болмайтын сияқты. Жолды кеңейту үшін ағаштарды кесуге тура келеді. Ал оған табиғи парк аумағында рұқсат жоқ.
Сондықтан,келешекте Бурабайға көлікпен кіріп-шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Көрікті өлкеге жыл сайын 1 млн астам турист барады.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Егер қоғамдық тұрақтар болатын болса, автобус, экологиялық таза көлікті ішіне жіберіп, сондай туристерді тасымалдайтын жағдайды қарастырып жатырмыз. Өйткені ол ұлттық парктің өзінің ерекше статусы бар. Ол біздің жергілікті атқару органдарына жатпайды. Бірақ біз тиісті органдармен бірлесіп, осы мәселені шешуге бүкіл күш-жігерімізді саламыз.