Ақтөбеде хостелдер тексеріліп жатыр
Өрт сөндірушілер кәсіп иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп, оқыс оқиға болған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.
Қазір облыс орталығында 15 хостел бар. «Олар қауіпсіздікке бейжай қарайды», - дейді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері. Жалпы жыл басынын бері аймақта 490 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тапқан. Бірақ соңғы 5 жылда хостелдерде от шығу дерегі тіркелмеген.
Айбат Жаңабергенов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Профилактикалық іс-шара барысында бірталай кемшіліктер анықталып отыр. Мысалы, айтар болсақ эвакуациялық шығу есіктерінің дұрыс орналаспауы және де алғашқы өрт сөндіру құралдарының толық көлемде болмауы, сонымен қатар мына өрт-дабыл сигнализациясының қосылмай тұрғаны анықталып отыр.