Астанада 2024 жылдан бастап жарықтың бағасы қымбаттауы мүмкін
Өйткені электр энергиясымен қамтушы компания оны тарататын мекемеге тарифті 13,6% көтеруді ұсынған. Айтуларынша жабдықтарды жаңартып, қызметкерлердің жалақысын көтеруге ниетті. Өзге де шығындары артқан. Қоғамдық талқылауға қатысушылар олардың уәжімен келіспеді. «Олар бағаны қымбаттату үшін ұсынылған құжатта қаржының жұмсалу тетігі дұрыс көрсетілмеген»,— деп санайды. Компаниялар арасындағы тарифтің өзгеруі тұрғындар тұтынатын жарықтың да қымбаттауына әсер еткен.
Зура Сардарбек, Табиғи монополияны реттеу комитетінің Астана бойынша департаментінің бөлім басшысы:
- Бұл соңғы түпкілікті шешім емес. Яғни Табиғи монополия субъектісінің жобасы болып келеді. Толыққанды шешім қабылдағаннан кейін айта аламыз. Қазір мынанша пайыз деп айта алмаймыз. Ол шешім қаралуы керек. Талдануы керек.