Қызылша өршіп тұр
Жалпы елдегі жағдайға келсек, Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қызылша жұқтырғандар саны 22 мыңға жетті. Сөйтіп Қазақстан осы дерттің таралуы бойынша алғашқы үштікте. Антирейтинге Йемен елі көш бастайды. Мұнда 25 мың 216 адам сырқаттанған. Ал Үндістанда 15 мыңға жуық науқас тіркеліпті.
Қазір қызылша дерті еліміздің бар өңірінде тіркелген. Әсіресе Алматы қаласында жағдай күрделі. 3 мыңнан астам науқас емделіп жатыр. Шымкентте 3 мыңнан аса, ал Жамбыл облысында 2 мың 995 адам сырқаттанған. Олардың 80% – бала. Басым көпшілігі екпе салмаған.