Қостанайдағы жарылыс: сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станциясында болған жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс төтенше жағдайлар департаментіне берілген. Қазір осыған байланысты сараптама тағайындалды.
Естеріңізге салсақ, кеше қаладағы техникалық қызмет көрсету станциясындағы жарылысынан 3 адам қаза тапты. Құтқарылған 12 азамат түрлі дене жарақаттарымен облыстық және қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің аяқ-қолдары сынып, денесін күйік шалған. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Владимир Шатерников, қалалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
- Кеше жарылыстан зардап шеккен 4 науқас қалалық ауруханаға жатқызылды. Үшеуінің жағдайы тұрақты. Қазір жақсарып келеді. Ал төртіншісі есін жинады. Бірақ өміріне әлі де қауіп бар.