Жас ғалымдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Жас ғалымдарға жақсы хабар! Академиялық ғылыммен айналысатын жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
Қазір Отбасы банк өтінімдерді қабылдай бастады. Үміткерлер тізімінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты 53 ұйымның жас ғалымдары бар. 5 жылға арналған бағдарлама Отбасы банкінің таза табысынан қаржыландырылады.
Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы:
- 20 млн теңгеге дейін беріледі, қарыз мерзімі - 19 жыл. Бұл жас ғалымдарға алғашқы пәтерін сатып алуға және тиісінше Қазақстанда қалып, ғылыми зерттеулерін жалғастыруға мүмкіндік береді. Оның ақысы қолжетімді және несие алушыларға ыңғайлы. Егер ғалым 20 млн теңге сомасын алса, алғашқы 8 жыл ішінде 155 мың теңге төлейтін болады, ал кейінгі жылдары төлем мөлшері 84 мың теңгеге дейін төмендейді.