Астанада енді су тапшылығы болмайды – Жеңіс Қасымбек
Айтуынша жаздағы проблемадан кейін жергілікті билік Астана су қоймасынан құбыр тартып, 90 мың текше метр ауызсу алған.
Одан бөлек сүзгі бекетінің құрылысы аяқталыпты. «Ал ол қосымша 100 мың текше метрден астам тіршілік нәрін таратуға мүмкіндік береді»,- дейді әкім. Осылайша қазір 3-4 жылға жететін қор бар екен.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Оған қосымша 3 жобаны келесі жылы бастайын деп жатырмыз. Ол да 2 жылдың ішінде бітеді, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Ол 2030 жылға дейін бізге су мәселесі бойынша кепілдікті беріп отыр.