Жезқазғандағы ЖЭО жабдықтары 70% тозған
Қыс басталмай жатып өңірдегі бірнеше қазандықтан кінәрат табылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында отын-энертетика, коммуналдық шаруашылық саласына қатысты да сөз қозғады. «Әсіресе жылу электр орталықтарындағы мүшкіл ахуал көп жылғы салғыртықтың салдары», - деді.
Бұған былтырғы Екібастұз бен Риддердегі жағдай да дәлел. Өзге өңірлердегі ахуал да мәз емес.
Аязды күні Жезқазғанда небары 2 қазандық жұмыс істеп тұр.
Бекзат Дайрабайұлы, қоғам белсендісі, облыстық мәслихат депутаты:
- Қайта күн де жылы болып тұр. Суық болса мысалы, ананың бәрі бүкіл қуатына жұмыс істесе, жарылып кететіндей жағдайда тұр. Президентіміз айтқандай, салғырттық деп айтуға болады. Оның бәрі осы күнге дейін болды ғой, қайда қаралып отыр? 9 бен 10 млрд теңгенің арасында биылдың өзінде 2024 жылға ақша бөлініп отыр. «Жылу электр орталықтары жұмыс істеуі керек, салу керек», - дейді. Бірақ ішіне тексеріспен, барып кіріп жатырмыз, оның ішінде қатты жұмысты да көріп отырған жоқпыз.