Маңғыстауда жаппай қырылған аққулардан құс тұмауы анықталды
Қаракөл көлінен 639 аққудың өлексесі табылған. Алматыдан Ақтауға арнайы барған орнитологтар сараптама тағайындап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қазір өңірде үй құстары да бақылауға алынып, күн сайын мониторинг жасалып жатыр»,— дейді мамандар.
Темірбек Нұртазин, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:
-Ұлттық референттік орталығының тексеру қорытындысы бойынша құс тұмауы анықталды. Құс тұмауының анықталғаны бұның азиатский штам 5 анықталып отыр. Кеше тағы да 5 жерден Қаракөлден алып 5 өлекселерден подматериал алып, оны ұлттық референттік орталығына бүгін таңертең жеткізгенбіз.