Елордадағы Достық үйінде ҚХА-ның дөңгелек үстелі өтті
Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі. Бүгін елордамыздағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға Ассамблея өкілдерінен өзге Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ филология мен лингвистика сарапшылары қатысты. Отырыс аясында оқыту семинары ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен қазақ тілін еркін меңгерген, әр түрлі этностардан жиналған қатысушылар өздерінің тілді үйрену тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту әдістерін талқылады. Семинарды танымал медиа тұлғалар мен тіл сарапшылары өткізді.
Акбаржон Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі:
-Алдыңғы уақытта басқа этнос өкілдері мемлекеттік тілді біліп жүрсе, ал қазіргі кезде мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін басқа этнос өкілдері сабақ беріп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының көптеген жобалары бар. Мәміле, үйде сөйле деген және де Достық үйлерінің барлығында мемлекеттік тілден, жаңағы қазақ тілінен сабақ береді басқа этнос өкілдері. Қазір де әртүрлі ұсыныстар болып жатыр. Балабақшадан басталса.. Бізде балабақшалардың барлығы мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде болса жақсы болар еді.