Салықтан жалтару үшін табыс көлемін аз көрсету қымбатқа түседі
Кірісті жасыру қымбатқа түседі. Биыл салық органдары шағын және орта бизнесті мұқият тексере бастады. Әрі жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңі басталды. Сондықтан салықтан жалтару үшін табыс көлемін аз көрсету тиімсіз. Бұл туралы кәсіпкерлер мен сарапшылар не дейді?
Шағын бизнесті дөңгелетіп отырған Оразбек Мырзақұлдың бірнеше салада кәсібі бар. Оның айтуынша қазір төлемді қабылдап, кіріс-шығыс есебін жүргізіп, салық төлеуге барлық мүмкіндік бар.
Оразбек Мырзақұл, жеке кәсіпкер:
-Басқа да жеке кәсіпкерлерді, жеке өзім ашық, ыңғайлы онлайн төлемдер арқылы төлемлерді қабыл алуға шақырамын. Ол не үшін тиімді? Себебі, бірінші транспарентті. Яғни барлық операциялар онлайн түрде фиксироваться етіп отырады. Есептеліп отарады. Ол өзіңіздің есебіңізді жүргізуге де ыңғайлы. Ең бастысы, жеке кәсіпкер болғаннан кейін клиентке жағдай жасалуы керек. Клиенттерге де онлайн төлем жасаған өте ыңғайлы болып келеді.
Алайда кәсіпкерлердің кейбірі қолма-қол ақшаға өтсем, салықты аз төлеймін деп ойлайды. Кейбір дүкендер түбіртек берместен қолма-қол төлем жасауды сұрай бастады. Ал сарапшылар мұны білсе мемлекеттік кірістер комитеті кез-келген уақытта тексеруді бастай алатынын айтады. Нәтижесінде айыппұл, салықтық тәуекелдер көбейеді. Сондықтан төлемді заңды жолдармен қабылдаған дұрыс. Ал бұған қазір барлық жағдай жасалған. Кәсіпкер мобильді қосымшалар арқылы тіркеліп, артық уақыт жұмсамастан, төлем қабылдап, салық төлей алады.
Нұржан Қуандықов, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департаментінің директоры:
-Арнайы мобильді қосымшаға негізделген арнайы салық режимі бар, онда, мысалы, бұл жеке тұлға кейбір жеке қызметтерді көрсеткісі келеді. Ол үйден шықпай-ақ бизнеске қажетті қосымшаны жүктеп, дәл сол жерде тіркеліп, бизнесін бастай алады. Бұл азамат алған табысының тек 1% табыс салығын төлеуі керек болады. Микрокәсіпкерлерге адал салық төлеуші болу үшін барлық жағдай жасалған.
Сарапшылар сондай-ақ адал салық төлеушілердің ипотекалық несие алу, мөлшерлемесі тиімді бизнес несие алуда басымдылығы барын айтады. Өйткені бизнесінде ресми айналым бар.
Темірлан Төлеу, тәуелсіз сарапшы:
-Біріншіден, бұл ресми бизнесті дамытуға ықпал қояды. Екіншіден, біздің азаматтарымыздың арасында салық төлеу практикасын жақсартады. Бұл практика біздің елімізде емес, Қытайды алатын болсақ, үйде отырып, QR арқылы өзіңізге ыңғайлы жолмен төлем жүргізе бересіз. Бұл нарықтағы барлық жақтар үшін ыңғайлы және мемлекет белгілі бір кірістерді санағанда. Бизнесте белгілі бір шара қолданса, бұл мемлекетке ресми статистика мен нақты өмірдегі көріністі пара-пар келтіреді.
Мамандар заңсыз жұмыс істеу кәсіпкерге салық тәуекелдері мен айыппұлдарға тап болады, деп ескертеді. Ең дұрысы — заңды жұмыс істеп, артық тәуекелсіз бизнесін дамыту.
Авторлары: Диана Қадыр, Алибек Алиев