Қарағандыда кесілген шыршалар кәдеге жарап жатыр
Қарағанды хайуанаттар бағының мамандары соңғы 1 аптада 50 астам шырша мен қарағай қабылдаған. Себебі қылқан жапырақтылар көптеген хайуанға біріншіден қорек, екіншіден табиғи төсеніш болады.
Ең бастысы – шыршалар кеуіп кетпеген әрі әшекейлерсіз болуы шарт. 10 жыл қатарынан ұйымдастырылған акцияға қала тұрғындары белсенді атсалысуда.
Әмин Алин, хайуанаттар бағының зоотехнигі:
- Маралдар, бұғылар түгелі табиғи тұрғыда осымен қоректенеді ғой. Малдың астына төсеуге де керек, текке далада шіріп қалғанша пайдалы ғой мында. Өздерің көріп тұрсыңдар, маралдар ақырын-ақырын жеп жатыр. Жолбарыстың балалары ойнайды сонымен, тырнақтарын тазалайды.