Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды
«Маи бекеті» шағын ауданының оқушылары 5 жыл бойы аудан орталығындағы мектептерге қатынап оқыған. Бүгін бұл мәселе шешімін тапты. Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында 300 орындық жаңа білім ошағы қолданысқа берілді. Бұған дейін балалар сабаққа үлгеру үшін екі сағат бұрын жолға шығатын. Әсіресе қыстың күндері мектепке жету қиын. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасына бірден 300 оқушы қабылданыпты. Биыл ауданда тағы 2 білім беру мекемесі мен оқушылар үйі және өнер мектебі ашылмақ.
Бекжан Есенбаев, Жаңақорған аудандық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
-Байкенже ауылындағы 150 орынды мектепті пайдалануға береміз. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша біздің ауданымызда екі мектеп жүзеге асырылып жатыр. Соның 600 орынды мектеп құрылысы былтыр қазан айында құрылысы басталған болатын. Алдағы жаңа оқу жылында оны пайдалануға беретін боламыз.