Маңғыстауда қырылған аққу саны мыңнан асты
Маңғыстауда қырылған аққу саны 1018 жетті. Алматылық орнитологтар аққудың өліміне құс тұмауы себеп деп тұжырды.
Сарапшылардың пікірінше, биыл Каспий теңізі мен Қаракөлде қыстауға ұшып келген 50 мыңдай аққудың шамамен 2% тұмаудан өлген. «Бұл қалыпты жағдай», - дейді мамандар.
Бұған дейін аққулардың жаппай қырылуына көлге пайдаланған суын төгіп келген қонақүй кінәлі болуы мүмкін деген күдік болған.
Орнитологтардың пікірінше, көлге құйылған қалдық су оның биохимиялық құрамына әсер етпеген. Енді бұл құс тұмауы үй құстарына таралмауы үшін мамандар: «вакцина егу қажет», - дейді.
Виктория Ковшарь, орнитолог, биология ғылымдарының докторы:
- Қаракөлде аққулардың қырылуы – табиғи процес. Негізінен құс тұмауын аққудың балапандары жұқтырып, өліп жатқанын көріп отырмыз. Вирустың үйрек, қаз сынды үй құстарына жұғуына жол бермеуіміз керек.