Халықаларық VI цифрлық форумда өнеркәсіптік стартап-жобалар таныстырылады
Электронды Үкімет, ақылды қала, экологиялық, әлеуметтік және ұжымдық басқару. Осы салалар бойынша озық шешімдер туралы іскерлік бағдарламалар Халықаралық VI цифрлық форумда ұсынылады. Шара биыл ақпан айында Алматыда өтеді. Ауқымды шарада өнеркәсіптік стартап-жобалар таныстырылмақ. Оның аясында халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары және IT мен бизнесті ұштастыра білген 200-ден астам жетекші кәсіпкер, панельдік пікірталастар өткізеді. Олар экономикадағы тың технологиялар бойынша үздік кейстерімен бөліседі. Табысқа жету жолындағы қиындықтарға тоқталып, көрерменге сыр шертеді. Биылғы форумға «Индустрия X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» тақырыбы арқау болмақ. Дәстүрлі жиын Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінің Үкіметаралық байланысын нығайтуға бағытталған.
Ерсұлтан Ерманов, ҚР Цифрлық даму министрлігінің департамент директоры:
-Форум сонымен қатар мектеп оқушыларына арналған Digital Ministry Cup робототехника және инженерлік жобалар бойынша бірінші халықаралық чемпионаты алаңына айналды. Форумда Demo Day өткізілетін цифрлық вице-министрлердің бірінші отырысы өтетін және әрбір министрлік өзінің іске асырып жатқан ақпараттық жүйелерін көрсетіп, айтып беретінін атап өткім келеді.