Хабар телеарнасы

Журналист Владимир Рерих өмірден озды

Журналист Владимир Рерих өмірден озды

Белгілі тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих 66 жасында өмірден өтті.

Еңбек жолын «Советский Казахстан» киножурналында бастап, кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік жетекші болған Владимир Рерих отандық телевизияның дамуына өзіндік үлес қосты. Атап айтқанда, 1996-2003 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінде бас директордың бірінші орынбасары - басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор сияқты басшылық қызметтер атқарды. Көптеген тележобаларға бастамашы болып, іске асуына атсалысты.

2006-2011 жылдары Еуразиялық медиафорумның бас продюсері, «Хабар» телеарнасында «Поздний Рерих» бағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.
Соңғы жылдары YouTube платформасында авторлық жобасымен айналысты.

 «Хабар» агенттігінің ұжымы марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтады.