Жетісу облысында 33 ауру ошағы қараусыз қалған
Жетісу облысында ауру малдың өлекселері көмілген 33 орын оқшауланбаған, әрі қараусыз қалған. Ветеринария саласындағы өрескел заңбұзушылықты аймақ прокурорлары анықтады. Тексеріс нәтижесінде төрт түлікке салынуы тиіс 16 мың вакцинаның егілмегені белгілі болды.
Сонымен қатар мал дәрігерлерінің төртеуі жалған дипломмен жұмыс істегені әшкереленді.
Бекзат Ерұзақов, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының орынбасары:
-Қағадағалау актісінің нәтижесімен 3,4 млн теңге бюджетке қайтарылды. 129 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 34 қараусыз қалған сібір жарасының көмінділері заң талаптарына сәйкестендірілді.