Жетісу облысында су тасқынының алдын алу үшін 800 млн теңге бөлінген
Ауа райы күрт жылынған аймақтардың бірі - Жетісу облысы. Бүгін ауа температурасы +1. Қар еріп жатыр. Өңірде су шайып кетуі мүмкін деген 31 елді мекен болса, былтыр 22-сінің қауіп деңгейі төмендеді. Қалған 9-ы назарда. Әсіресе Қаратал өзені бойындағы Тастөбе, Қаражиде ауылдары жіті бақылауға алынған. Биылғы оқу-жаттығу сол ауыл маңында өтті. Облыста су тасқынының алдын алу үшін 800 млн теңге бөлінген. «Сондай-ақ тұрғындар үй жанындағы арықтарды тазалауға тиіс»,— дейді жауапты ведомство өкілдері.