Экспортқа шығатын өнімдерге бақылау күшейтіледі
Яғни отандық және шетелдік ірі компаниялар арасындағы байланыс барынша ашық болады. Қазіргі күні ірі бизнесмендер арасында заңдық тетіктерден гөрі, іскерлік байланыс басым. Сол себепті сыртқа сатылатын өнімнің өзіндік құны белгілі болғанымен, қалай және қаншаға сатылғаны туралы толық ақпарат бола бермейді. Осыны ескерген жауаптылар, трансферттік баға белгілеу туралы заңға түзетулер енгізіп жатыр. Бұл өзгеріс экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің сарапшыларымен келісілген. Бүгінде заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды
Әлібек Ыбырайым, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мамандандырылған департамент директоры:
-Көмірді делдалдарға 30 доллардан сатады. Ал шетелге шығарған кезде оның Еуропадағы бағасы 300 доллар, сондай фактілер бар. Сондай фактілерді анықтай келе біз өзгерісті енгізіп отырмыз. Егер өзара байланысты тарап болып саналса, біз екінші тарап шетелде орналасқан тараптардан қаржылық есеп сұраймыз. Егер ауытқулар болса, біз тиісті түзетулер енгіземіз.