Депутаттар: Жеке инвесторларға жағдай жасау керек
Мәжіліс депутаттары инвестор тарту ісі мен әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдетуге басымдық беру қажет деп есептейді. Құрылыс саласы өкілдері соңғы жылдары келісімшарттар 7 есеге қысқарғанына қапалы. Депутаттардан құралған жұмыс тобы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» туралы заңды қайта қарап, жеке салалар бойынша жұмыс істеу механизмдеріне өзгеріс енгізу қажет деп санайды. Көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстар Үкіметке жолданады.
Ислам Сұңқар – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Біраз кемшіліктер бар. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар обьектілерде ауруханалар, мектептер салынған кезде көптеген олқылықтар болады. Кейде, мысалы, жеке компаниялар белгілі бір обьектілерде салған кезде мемлекет тарапынан қаржыландыруды уақытында алмайды немесе керісінше обьект салынып біткен кезде оны қабылдамай жатады. Осы әріптестік негізінде өзгерістер енгізіп, жалпы Үкіметтің қарауына жіберіп, одан бөлек Үкіметтің осы тақырыпқа байланысты отырысын өткізуді ұсынып жатырмыз.