Бүгін – Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні
Заңғар көкке ынтық, биікке құштар қайсар жандар өмірін әуе кемелері мен шағын қанатты ұшақтардың штурвалында өткізеді.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында санитарлық авиация бригадасы бір жыл ішінде 86 рейс жасап, 88 адамды құтқарған. Бұл өңірде жер көлемі - 97 мың шаршы шақырым болса, оның негізгі бөлігі - таулы алқап. Ал тау мен таста ең ұтқыр көлік – осы тікұшақтар. Ауа райы мен жер жағдайының қолайсыздығына қарамастан Абай ауданындағы өртті сөндіруде де ұшқыштарымыз маңызды рөл атқарды.
Қалиқан Байғонысов, авиация бөлімшесінің жетекшісі:
- Былтыр ғана біз Алматыдағы авиациялық академиямен келісім жасап, практикадан өткіздік. 8 ұшқыш пен 3 борт механиігіне. Онан кейін Қарағандыдағы «Балапанмен» бізде тероия мен практиканы жасалды. Сондай жұмыстар жалғасуда. Бізде ұшқыштар тапшы. Оның бәрін шешуге дайынбыз.