Хабар телеарнасы

Балықтарға да оттегі қажет

Қостанай облысының аумағында үлкенді-кішілі сегіз мыңнан астам өзен-көл бар. Оның 384-і - балық шаруашылығына қарасты жергілікті маңызға ие су айдыны. Осылардың басым бөлігіне он шақты жылдан бері дұрыс су бармаған. Ал биыл мұздың қалдыңдығы бір метрден асты. Астындағы бос кеңістік балықтарға тарлық етеді. Сондықтан желбезектілердің жаппай қырылу қаупі бар. Оған жол бермес үшін су айдындарында ойық ойып, оттегімен байыту жүргізіліп жатыр. 

Серік Бейсембаев, Тобыл-Торғай облысаралық бассейіндік инспекция басшысы: 
-Өзен-көл суын оттегімен байытуды қаңтар айында бастадық. Ол сәуірге дейін жалғасады. Бұл шараға қоғамдық ұйым, жергілікті атқарушы орган өкілдерін, эколог, су шаруашылығы мамандарын тартып отырмыз.