Семейдегі көпірде пайда болған саңылауды мамандар тексереді
Ақаудың бары дәлелденсе, жобалық-сметалық құжатқа енгізіледі.
Қалалық жолаушылар көлігі бөліміндегі мамандардың айтуынша, бұдан көлік өткеліне ешқандай қауіп жоқ. Күнделікті бақыланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпанда шаһарда аяз 29 градусқа жеткенде көпірдің екі бөлігіне сызат түскен.
Әділбек Увасилов, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Деформациялық тігістердің ашылуы бұл ауа райының күрт төмендеуіне байланысты болды. Мұндай санаулар қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта көпірдің конструкциясына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ Алматы қаласынан мамандар шақырылды. 20 ақпан күні аспалы көпірде толық тексеріс жүргізілетін болады.