Сенаторларды Жайық өзенінің жағдайы алаңдатып отыр
Бүгін Сенат трансшекаралық өзендерді халықаралық заңнама негізінде пайдалану туралы құжатын бекітті. Конвенцияға қол қойған елдер өз аумағынан ағып өтетін трансшекаралық өзенді пайдаланғанда басқа мемлекетке залал келтірмеуге міндетті. Палата отырысында депутаттар, Жайық өзенінің экологиялық ахуалы және ондағы су ағынының азаюына қатысты мәселе көтерді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Су ресурстары және ирригация министрлігі Жайықтың жағасындағы жұрттың жағдайына қатысты Мемлекет басшысы жүктеген нақты міндеттерді белсенді түрде орындау керегін еске салды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
-Президентіміздің тиісті Жайыққа қатысты тапсырмалары бар. Сондықтан біздің көршілерімізбен Ресей тарапымен дәйекті түрде, табанды түрде Жайыққа байланысты жұмыстарды әрі қарай жалғастыру керек. Бұл жұмыстардың нақты нәтижесін халық көру керек.