Биыл елімізде басшы лауазымындағы полицейлер сынақ тапсырады
1 сәуірде басталатын аттестаттауға орта буын басшылары қатысады. Бұл жолы қызметкерлердің физикалық әзірлігінен гөрі интеллектуалдық дайындығына басымдық беріледі. Яғни елмен тіл табысуы, заңдарды білуі, тілді меңгеруі сияқты қабілеті ескеріледі. Сынақтан өте алмағандардың лауазымы төмендейді немесе басқа қызметке ауысу ұсынылады. Келіспегендер Ішкі Істер органдарынан кетуі мүмкін. Биыл комиссия мүшелерінің қатарына алғаш рет Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қосылып отыр.