Таразда Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қолөнершілердің көрмесі басталды
Көпшілік назарына 30 шебердің 200-ге жуық туындысы ұсынылған. Олардың қатарында киім үлгілері, зергерлік-әшекей бұйымдар мен қылқалам шеберлерінің туындылары бар. Көрме 7 наурызға дейін жалғасады.
Сәлима Үсіпәлиева, қолөнерші:
-Өрмек тоқу технологиясы ұмытылып кетпесін деп көкірекшелер, күртешелер, қол сөмкелер. Содан кейін басқа киетін қасабалар бас киімдер, сөмкелер, мерекелерге киетін күнделікті киетін мынадай жылы әрі проктичный дейді ғой, бәрін астарлап әдемілеп мінекей осындай бұйымдарды өрнектік технологиясымен жасап жатырмын.