Декларация тапсыруды ұмытпаңыз!
Келесі жылға дейін елімізде 13 миллионнан астам адам декларация тапсырады. Олар шетелдік активтерін, тұрғын үй немесе көліктерін және 3,5 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдары мен асылтұқымды жануарларын ашық көрсетуі керек. Былтырға дейін мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсырған. Бұл 2 миллион 680 мың азамат. Биыл 4 миллиондай жеке кәсіпкер, заңды тұлғалардың басшылары, ал келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап 6,5 миллион қазақстандық тапсырады. Бұған дейін құнды мүліктерін ашық көрсеткен 500 мыңнан астам азаматтың басында салық берешегі бар. Яғни 16 миллиард теңге. Оның 15 миллиард теңгеге жуығы көлік салығы. Темір тұлпарлары үшін салық органдарына борышкерлер Алматы, Астана қалалары мен Алматы облысында көп. Егер салықты уақытында төлемесе, сот орындаушылары банк шоттары мен мүліктеріне тыйым салуға құқылы.
Дархан Бисеналиев, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары:
-Кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларацияда мыналар көрсетіледі: жеке тұлға дербес салық салатын кірістер, салық шегерімдері, өтеусіз алынған мүлік. инвестициялық алтын, жеке тұлғалар үшін нотариалды куәландырылған қарыз шарттары, шетелдік компаниядағы қатысу үлесі, шетелдегі жылжымайтын мүлік және көліктер, шетелдік банктердегі 7,3 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражаттары.