Елдегі ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны төмен
Өткен жылы жалпы өнім көлемі шамамен 8% азайған. Сенаторлар осылай деп салада қордаланған мәселелерді талқылады. Айтуларынша, қолдау бағдарламалары көп болғанмен, бөлінетін қаржы мардымсыз. Өнімдердің 80% еш өңдеусіз, шикізат күйінде экспортталады. Сыртқа шыққан астығымызды өңдеп, өз елінде сататындар да көбейген. Салдарынан кәсіпкерлер ұн экспорты 4 есеге дейін азайды деп дабыл қағуда.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
-Пошлинаны азайту бойынша Сенат депутаттары тарапынан ұсыныстар болды. Сол ұсыныстар арқылы қазір жұмыс істейміз. Кезінде енді біздің осы нарық үлкен экспорттық потенциалы бар еді. Бірте-бірте оны жоғалттық, оны да мойындау керек. Өйткені мына көршілес елдер өздерінің ұн шығаратын зауыттарын біздің бидайды ала отырып өте жақсы дамытты.