ШҚО-ның Зайсан ауданында 13 отбасы қоныстойын тойлап жатыр
Ел шығысындағы Зайсан ауданында 13 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Осылайша Ұлыстың ұлы күні қарсаңында үлкен қуанышқа кенелген жұрт мәре-сәре.
Аумағы 90-100 шаршы метр үйлер «Бірқабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша салынды. Қаратал, Қарабұлақ ауылында бой көтерген үйлердің бәрі орталық газ желісіне қосылған. Осы күнге дейін ауданда 300 баспана салынып, олар да көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілген екен. Қазір 250 жуық адам үй кезегінде тұр.
Аида Жымбаева, көпбалалы ана:
- Өте қуаныштымын. Барлығымыз қуаншытымыз. Үйлерімізде өзімізге ұнап жатыр. Міне, кілтін алып, осындай наурыз мейрамында қатарлас келіп жатқанына. Көп-көп алғысымды айтқым келеді.
Аэлита Ахметсәлімқызы, Зайсан ауданының әкімі:
- Биыл Зайсан ауданында осы бағдарламамен 42 үй салынды. Бүгінгі күні міне, Қарабұлақ ауылында тұрмыз. 7 үй іске қосылды. Көпбалалы аналар өз кілттерін алды. Ал енді 2024 жылы осы ауданға 68 үй саламыз.