Елордада палау фестивалі өтті
Бүгін елордадағы орталық саябақта тұрғындар мен қала қонақтары үшін палау фестивалі өтті. Аспаздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Әзербайжаннан арнайы шақыртылған. Мейрамға Тәжікстан мен Иран елшіліктері киіз үй тігіп, қонақжайлық танытты, палау әзірледі. Қостанайлық аспаз Жұмағали Арыстан XVIII ғасырдың ұлттық тағамын әзірледі. Сондай-ақ домбырашылар күй тартып, батырлар тазы ертіп, қолына бүркіт қондырды. Палау фестивалі ертең де жалғасады.
Ернар Мырзахан, Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы:
-Қазір палау фестивальі аясында 1500-ге жуық порция палау әзірленді. Әлі де әзірленіп жатыр. Жобалық саны 3 мыңға жуық порция. 21-22-сі күндері орталық саябақта мерекені тойлауға 20-25 мың қала тұрғыны мен қонағы келеді деп жоспарлануда.