Шымкенттен қайырымдылық керуені жолға шықты
Шымкенттіктер де су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтті.
Еріктілерден құралған топ Ақтөбе, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының халқы үшін резеңке етік, дәрі-дәрмек, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті зат жинады. Сонымен қатар жүк көліктеріне азық-түлік өнімдері мен гигиеналық заттар тиеліп, қайырымдылық керуені жолға шықты.
Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихаттың төрағасы:
- 15 млн астам қаржыға арнайы азық-түлік, киім-кешек және де көрпе-төсектер жинадық. Бүкіл Қазақстаннан бәрі осы мәселеге осындай көзқараспен қарап жатыр.