Қостанай облысының қос ауданында 68 баспана бой көтермек
Бірнеше аймақта тасқыннан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, Қостанай облысының Аманкелді және Жангелдин аудандарында 68 үй тұрғызылады. Баспана құрылысы бір-екі айдың ішінде аяқталуы тиіс. Одан бөлек Қостанай, Арқалық қалаларындағы көпқабатты үйлерден 115 пәтер сатып алынған. 31-і үкімет қоры есебінен алынса, қалғанына ірі компаниялар қаржылай қолдау көрсетті.
Мамандардың айтуынша тасқыннан келтірілген шығынды есептеу жұмыстары жақын күндері аяқталады.
Лидия Беленко, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:
- Құрылыс аяқталғаннан кейін үйлердің барлығы бастапқыда коммуналдық тұрғын үй қорына тапсырылады. Заңға сәйкес, тұрғындар баспанамен қамту жөнінде өтініш беруі тиіс. Оны арнайы комиссия қарап, тиісті шешім шығарады. Сосын жаңа үйлер тұрғындардың жекеменшік иелігіне өтеді.