Алматыдағы автобус апаты: сот жалғасып жатыр
Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, үш адамның өліміне себепкер болған жолаушыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот медициналық сарапшы жүргізушінің сол соққыдан талып қалғанын айтты. Одан бөлек осы істі тергеген анықтаушы да қорғаушылар сұрағына жауап берді.
Еске сала кетейік, үш адамның өмірін қиған жол көлік апаты өткен жылдың 23 желтоқсанында болды. Автобус жүргізушісін соққыға жыққан жолаушы Дархан Ахметжановқа бұзақылық және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша айып тағылып отыр.
Антонина Ким, сот медициналық сарапшы:
- Нейрохирургпен кеңестік. Адам жақтан соққы алған кезде талып қалуы әбден мүмкін. Себебі жақта 12 түрлі жүйке жүйесі орналасқан. Олар өте сезімтал келеді. Естен тану бірнеше секундтан бір сағатқа дейін созылады. Мұндай шешім дәрігерлердің сараптамасынан және бейнебақылау камерасынан кейін қабылданды.